Шығыс Қазақстанда жаңбыр, қар және тұман күтіледі
«Қазгидромет» ШҚ филиалының хабарлауынша, 2025 жылғы 22 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын – жаңбыр мен қар күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, түнде және таңертең облыстың солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман болады деп болжануда.
Ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты жол қозғалысына қатысушылар барынша сақ болуы қажет:
Көлік жүргізушілеріне жылдамдық режимін сақтап, ұзақ қашықтықты көрінбеу жағдайында аса мұқият жүру ұсынылады;
Жаяу жүргіншілерге жолда абай болуға, жарақат алу қаупін азайту үшін тиісті сақтық шараларын қолдануға кеңес беріледі.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет.