ШҚО-да 10 заманауи мектеп салынбақ
ШҚО-да келесі жылы 10 бірдей заманауи және жайлы мектеп бой көтермек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әр баланың жан-жақты дамып, білім алуы үшін "Жайлы мектеп" жаңа ұлттық жобасы қолға алынғанын айтқан болатын. Сондай-ақ бұл жоба мектептегі орындар тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өңірде аталмыш жоба аясында салынатын мектептер құрылысын келесі жылы бастау жоспаланып отыр.
Бұл туралы ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Жаңа білім ордалары ең заманауи жабдықтармен жабдықталмақ.
Аталған жаңа білім ордалары әлемдік стандартқа сәйкес, сапасы мен жабдықтары да басқалардан өзгеше болмақ.
Айта кету керек, биыл елімізде жаңа 230 мектеп пайдалануға берілмек.