KZ
Өскемен
-10°
плотный туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

ШҚО: Оқушылар тағы қашықтықтан оқиды

13.12.2023, 07:32 1 054 Ләззат Қанатқызы

Бүгін қатты аязға байланысты ШҚО-ның бірқатар аудандарында оқушылар қашықтықтан білім алады.

Бұл туралы ШҚО білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыс орталығында 1 ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылар;

Глубокое ауданында ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып;

Риддер қаласында -29...-34 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 0-11 сыныптар;

Шемонаиха ауданында бірінші ауысымдаға 0-11 сыныптар;

Тарбағатай ауданында 0-11 сыныптар;

Күршім ауданында бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары;

Алтай ауданында температура бағаны -32 градустан -42 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 0-11 сыныптар және колледждердің 1,2 курсы қашықтықтан оқуға ауыстырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу