KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

ШҚО-да оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды

Фото: externat.foxford

12.02.2024, 08:00 120 ALTAINEWS

ШҚО білім басқармасының ақпараты бойынша, 12 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгін онлайн режимінде оқитын мектептер:

0-ден 4-сыныпқа дейінгі балалар - Күршім ауданы Марқакөл мектеп-интернат-колледжі, №1 орта мектебі, Барақ батыр, Үшбұлақ, Маралды, Қойтас, Малдыбаев атындағы орта мектебі, Игілік, «Право-Усть-Калжыр» орта мектебі; Тарбағатай ауданында Жаңғызтал, Төгісов, Ы.Алтынсарин, Ғ. Мүсірепов орта мектептері; Алтай ауданы – Чапаев, М.Бикетов атындағы, Новокрестьянский, Подорловский, М.Харин атындағы, Крестовский, Васильевский орта мектептері; Күршім ауданында – Ұранхай, Қарашілік, Қарой орта мектептері; Алтай ауданында - Быковский, Дородницкий орта мектептері; Катон-Қарағай ауданы Балғын, Үштөбе орта мектептері.

0-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушылар Күршім ауданы – Төсқайың,  Бурабай, Алғабас орта мектептері; 

Алтай ауданында - Алтай қ., Жаңа-Бұқтырма, Октябрь, Первороссийский, Тұрғысын, Никольский, Леснопристанский, Путинцевский, Зубовский, Маякский, Соловьевский, Средигорный орта мектептері, Ұлан ауданы Асу-Бұлақ орта мектебі; 

Катонқарағай ауданында - Белқарағай, Рыков, Ластаев, Көктерек, Ақсу, Шыңғыстай, Дамитов, Малонарым, Солонов, Новополяков, Новохайрузов, Майемер, Алтынбел, Солдатов, Үлкен Нарын, Барлык, Топқайың, Малонарым орта мектептері; Самар ауданында Сарыбел, Седнев, М.Дулатов атындағы, Яроцкий орта мектептері.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив