KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
504.34 556.34 5.97

ШҚО-да бірінші сыныпқа он мыңға жуық бала барады

18.08.2022, 12:07 354

Шығыс Қазақстанда 9 728 бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алима Ақылбек мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы қандай екенін айтты.

– Қазіргі уақытта облыс аумағында 342 мектеп бар, 95 мыңнан астам оқушы білім алады. Биыл 9 728 бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдар саны – 200. Оның ішінде 85 ұйым – жекеменшік. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту – 100%, 2 жастан 6 жасқа дейін – 97,7% болады, – деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде.

Спикердің сөзіне сүйенсек, биыл 40 мектеп жөнделді. Тағы 20 білім мекемесінде модификация кабинеті болады. Сондай-ақ жаңа оқу жылында бес жаңа мектеп (1370 орын) ашылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу