KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да жыл басынан бері 5 мыңға жуық пациент ем алған

8.11.2022, 09:27 370 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да Оңалту бағытындағы медициналық көмек МӘМС және ТМКК шеңберінде қолжетімді.

Өскеменде диагностикалық орталық базасында "Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына қалпына келтіру және медициналық оңалту емін таныстыру" тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Семинарды облыстық оңалту орталығы мен облыстың штаттан тыс бас оңалтушысы Толқын Секеева ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты облыстың медициналық мекемелерінің оңалту қызметтері мамандарының құзыреттілік деңгейін арттыру болып табылады.

- Медициналық оңалтудың маңыздылығын асыра бағалау қиын. Жарақаттар мен ауыр аурулардан кейін адам әдеттегі ырғақ пен өмір салтына оралып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі керек. Сонымен қатар, біздің халық үшін медициналық оңалту амбулаториялық жағдайда да қол жетімді және мұның бәрі МӘМС аясында, ТМККК шеңберінде тегін көрсетіледі. Бұл туралы пациенттерге жеткізу маңызды, - деп атап өтті облыстың бас реабилитологы Толқын Секеева.

Ана мен бала орталығы жанындағы оңалту орталығының меңгерушісі Азамат Райымбеков балаларға қалпына келтіру және медициналық оңалту қызметтерін көрсету бойынша жұмыстардың қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді. Облыстық оңалту орталығы неврологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Сергей Кулиниченко неврологиялық науқастар үшін қандай көмек және қандай кезеңдерде көрсетілетінімен бөлісті. Сондай - ақ, спикерлер травматология, кардиология және т.б. бейіндер бойынша  көрсетілетін медреабилитация туралы түсіндіріп берді.

Бүгінде өңірде он медициналық мекеме оңалту және қалпына келтіру қызметтерін  көрсетеді.

Ағымдағы жылдың он айында тәулік бойы және күндізгі стационарларда бес мыңға жуық пациент ем алды.

-Аталған оқу семинары жұмысты жақсартады деп үміттенемін, әріптестеріме оңалту іс-шараларының кезеңділігін сақтауға кеңес бергім келеді, біздің жұмысымыз сайып келгенде мүгедектікті азайтуға, осы медициналық көмекке мұқтаж өңір тұрғындарын оңалту көмегімен қамтуды ұлғайтуға бағытталған. Кейде адамдар емдеудің бұл кезеңдерін елемейді, бұл қымбат және қол жетімді емес деп қателеседі. Медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудың оң факторларының бірі - қалпына келтіруді қаржыландыруды ұлғайту және оны пациенттердің алу мүмкіндігін арттыру болып табылады, — деп атап өтті облыстың бас реабилитологы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу