KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

ШҚО-дағы онкологиялық орталықта Италиядан келген науқас ем қабылдады

3.02.2023, 17:18 371 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-дағы онкология орталығы еліміздегі ең үздік медициналық мекемелердің бірі болып табылады.

Қазір ол жерде облыс тұрғындарынан бөлек, республиканың түкпір-түкпірінен және басқа елден де науқастар келіп ем қабылдауда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Онкологиялық орталықта томографиядан бастап УДЗ аппараттарына дейін соңғы үлгідегі, озық жабықтармен жабдықталған.

Сондықтан да мұнда ем қабылдау үшін басқа өңірлерден, көбінесе Абай облысынан және шетелден пациеттер де келетін көрінеді.

- Бізде Италиядан келген науқас емделді. Ол қазір ремиссияда, өткен жылы жыл сайынғы тексеруге келіп кетті. Өзінің айтуынша, біздің орталықты таңдауының бірнеше себебі бар. Біріншіден, бізде емелу ақысы әлдеқайда арзан шығады. Еуропада онкологиялық ауруларды емдеу өте қымбат. Ал, екіншіден, бізде ол барлық тексерулерден тезірек өтіп, ем қабылдай алады. Италияда оны бірнеше ай күтуге тура келетін көрінеді, - дейді ШҚО онкология және хирургия орталығының хирург-онкологы Инна Чертищева.
 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив