KZ
Өскемен
-27°
туман Штиль
517.66 606.49 6.44

Түркияға көмек: ШҚО-дан 5 дәрігер аттанады

7.02.2023, 11:32 1 033 Ләззат Қанатқызы

Жер сілікінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін ШҚО-дан Түркияға 5 дәрігер аттанады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қапаноа Айнаш Құматайқызы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтып, Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырған болатын.

- Көмек көрсету үшін ШҚО-дан Түркияға 5 дәрігер аттанады деп жоспарлап отырмыз. Қазір қандай мамандар баратыны анықталып, тізімі дайындалды, - деді Айнаш Құматайқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу