KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 1 м/с, ОБ
523.86 544.34 5.11

ШҚО: Ана мен баланы қорғау саласында қандай жобалар іске асырылды?

21.02.2023, 17:31 367 Ләззат Қанатқызы

Облыста медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, кадрлар даярлау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Өңірде қазіргі күні қолжетімді және сапалы акушерлік-гинекологиялық көмекті қамтамасыз ету үшін медициналық көмек көрсету қызметін дамытудың үш деңгейлі интеграцияланған моделі құрылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Бірінші деңгейде көмек асқынусыз жүкті әйелдерге, екінші деңгейде – осы және алдыңғы жүктіліктің созылмалы аурулары мен асқынулары бар жүкті әйелдерге, үшінші деңгейде – ауыр созылмалы аурулары бар жүкті әйелдерге, ана мен баланың өмірі мен денсаулығына елеулі қатерлер көрсетіледі, - деп атап өтті ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Шолпан Мақашева.

Биыл Катонқарағай және Зайсандағы аудандық ауруханаларда перзентханаға күрделі жөндеу жүргізіліп, босануға көмек көрсетудің екінші деңгейіне ауысқан. Бүгінгі күні Зайсан қаласы мен Үлкен Нарын ауылындағы жаңартылған перзентханалар өз пациенттерін қабылдап жатыр. Бөлімшелер жүктіліктің 32 аптасында туылған сәбилерді көтеруге арналған заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.

- Өскеменде Ана мен бала орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесі ашылды. КДБ ұйымдастырудың мақсаты отбасын жоспарлау кезеңінен бастап босанғаннан кейінгі кезеңде қажетті медициналық қызметтерді көрсетуге дейін сапалы және қолжетімді жоғары білікті акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету болып табылады. Енді облыс әйелдері отбасын жоспарлаудан бастап бір жерде медициналық қызметтердің толық циклін ала алады, - деп түсіндірді Шолпан Ермекқызы.

Сондай-ақ ағымдағы жылы Ақжар және Күршім ауылдарындағы аудандық ауруханалардың босандыру бөлімшелерін І-ден ІІ-деңгейге ауыстыру жоспарлануда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу