KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 1 м/с, З
523.86 544.34 5.11

Енді жүкті әйелдер облыс орталығына барып әуре болмайды - Күршім

12.02.2020, 11:18 166

Күршім аудандық орталық ауруханасы перзентхана бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қосымша 43 бірлік құралжабдық сатып алу үшін 252,7 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аудандық аурухана мамандарының біліктілігін арттыру арқылы жүкті, босанатын, босанған әйелдерге, бір жасқа дейінгі балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету мен перинаталдық көмекті аймақтандыруды I-ден II дең- гейге көшіру жұмыстары да жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта аталмыш перзентхана бөлімшесінде I деңгейлі медициналық қызмет көрсетіледі. Яғни, дені сау, еш қиындықсыз босана алатын, өзінің және сәбиінің денсаулығы қалыпты жағдайдағы аналар босандырылады. Ал II деңгейге көшу арқылы босануы қиынырақ немесе уақытынан бұрын босанатын, дәрігердің шұғыл араласуын қажет ететін аналарды босан- дыруға мүмкіндік туады. Бұған дейін мұндай жағдайда аудан жұрты (аналар) облыс орталығына немесе басқа қалаларға баруға мәжбүр болатын. Енді аяғы ауыр әйелдер ондай қызметті Күршімнің өзінде де ала алады. Соған сәйкес жергілікті дәрігер мамандардың біліктілігін арттыруға, мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көңіл бөлінбек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу