KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Денсаулық сақтау вице-министрі медициналық генетика зертханасына барды – ШҚО

17.11.2023, 17:05 216 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудкин Өскемендегі Ана мен бала орталығының жұмысымен танысып, медициналық генетика зертханасында болды.

Vanadis Perkin Elmer инвазивті емес пренаталдық тестілеу зертханасы Ана мен бала орталығында орналасқан, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жүйе баланың жетілуінде паталогияны анықтау үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді, тәуекелді 99 пайызға дейін жоғары дәлдікпен анықтайды.

- Биыл біз 112 жүкті әйелге зерттеу жүргізіп, үш паталогияны анықтадық. Инвазивті емес пренаталдық тестілеу кезінде болашақ аналар үшін күйзелістің қаупі де аз болады. Яғни, әдеттегі медициналық процедуралар сияқты жүргізіледі, - дейді Ана мен бала орталығындағы медициналық генетика зертханасының генетик-дәрігері Маржан Дайрабаева.

Егер толық қуатта жұмыс істесе ана мен бала өлімін азайтуға септігін тигізеді. Мамандардың айтуынша, жүйе толық қуатта жұмыс істеуі үшін арнайы тариф алу керек. Яғни қаржы бөліп, өңірдің тәуекел тобындағы жүкті әйелдерге біртіндеп зерттеу жүргізуге мүмкіндік бар.

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник бұл мәселе құзыретті мамандарды тарта отырып қаралатынын, нақты шешім содан кейін қабылданатынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу