KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 9 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

А. Аймағамбетов: МӘМС-ке халықтан шағым көп

Фото: almaty.tv

25.11.2023, 10:06 160 Назерке Каримова

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықтың көңілі толмайды.

Денсаулық сақтау саласы басшыларының республикалық форумында депутат Асхат Аймағамбетов осыны айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.


Депутаттың дерегі бойынша, медицина саласындағы шығындардың басым бөлігі халықтың қалтасынан өтеліп келеді. Себебі, мемлекет әлеуметтік топтарға арналған қаржы көлемін бастапқы ставкаларымен салыстырғанда үш есеге азайтқан. Соның салдарынан қор бюджеті кеміп отыр.  



- МӘМС бойынша, осы медициналық ұйымдарды қаржыландыру бойынша проблемалық мәселелер де жеткілікті. Сондықтан, бүгінгі күні медициналық ұйымға барып азаматтарымыз, қызмет аламын десе, олар, біріншіден, өте ұзақ күтуі керек жазылу үшін. Одан кейін бір дәрігерден екінші дәрігерге бару үшін қайтадан жазылады. Жалпы, бұл рәсімнің өзі дұрыстап ұйымдастырылмаған. Қазіргі уақытта азаматтарымыздың сұрағы бір: неге біз ай сайын жарнамызды төлейміз және неге біз сапалы, қолжетімді медицинаға қолымызды жеткізе алмаймыз, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив