ШҚО-да жылжымалы егу пункттері жұмыс істейді
ШҚО әкімінің айтуынша, халықты вакцинациялау жұмысын жандандыру керек.
Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік парақшасында мәлімдегендей, 3 шілдеден бастап Өскемен мен Семей қалаларында жылжымалы егу пункттері жұмыс істей бастайды.
- Баршамызға белгілі, қазіргі уақытта, республика бойынша тек 4 облыс жасыл аймақта қалып отыр. Оның ішінде біздің де облысымыз бар. Осы қалпымызда сақтап, індет жұқтырғандар санының артуына жол бермеу үшін халықты вакцинациялау жұмыстарын жандандыру керек, - деді облыс басшысы.
Оқи отырыңыз