KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да 541 мыңнан астам адам екпе алды

23.09.2021, 15:14 278

1 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстанда халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау белсенді жүргізілуде.
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов айтып өткендей, өңірде 343 егу кабинеті ашылып, сауда үйлерінде егу пункттері ұйымдастырылды. Ал ауылда жылжымалы пункттер мен мобильді кешендер жұмыс істейді. Оның айтуынша, бүгінде халықтың 72,5 пайызы вакцина алса, 90 пайызы бірінші компонентімен толық егілді. Атап айтқанда, 677 мың адам егілді. Облыстың 541 мың тұрғыны екі компонентті вакцинация рәсімін аяқтады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда вакциналау процедурасынан өту үшін вакцинаның үш түрі бар. Олар – "Спутник V", QazVac, Sinopharm.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу