Ахмер ауылындағы орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын – Өскемен

Жөндеу жұмыстары біткеннен ейін мұнда тұрақты бағыттағы қоғамдық көлік те іске қосылады.
Ахмер ықшамауданы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына кірген. Биыл мұнда бірден төрт көше – Мерей, Қойшыбаев, Қобыланды және Ұстаздар көшелеріне асфальт төселіп жатыр.
– Жолдар мен тротуарларды абаттандыру - халық үшін өте маңызды жобалар –, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар. – Өткен жылы мұнда Омаров көшесі жасалса, қазір сол көшені жалғайтые Мерей көшесіне асфальт төселді. Біздің міндетіміз – жөндеу жұмыстарын аяқтап, ықшамауданның көптеген тұрғындарына қажетті қоғамдық көлікті іске қосу.
Айта кетейік, Ахмер ауылындағы барлық жол жұмыстары осы айдың соңына дейін аяқталуы тиіс.