Даниал Ахметов: «Ең жоғары сапалы күнбағыс майын Шығыс Қазақстаннан алыңыздар»
2020 жылдың қорытындысы бойынша 774 мың тонна дәнді дақылдар, 616 мың тонна майлы дақылдар жиналды.
Өсімдік шаруашылығын дамытудың әзірленген бағдарламасына сәйкес тиімділігі жоғары дақылдардың алқаптарын ұлғайта отырып, егістіктерді әртараптандыру жүргізіледі. 2020 жылы соя егіс алқабы 1,3 мың гектарға, жүгері алқабы 2,2 мың гектарға ұлғайды.
- Майлы дақылдарды өсіру бағыты жүйелі дамып келеді. Өсімдік майын өңдеу бойынша үш ірі жоба іске асырылуда, бұл өңдеу көлемін жылына 1,1 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2022 жылға қарай АӨК өңделген өнімі экспортының 4 есе өсуі күтілуде. Ең жоғары сапалы күнбағыс майын Шығыс Қазақстаннан алыңыздар!, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов жыл сайынғы тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде.