Қасым Қайсенов кентінен жаңа пәтер алуға болады
ШҚО, Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінен «Шаңырақ» бағдарламасымен жаңа пәтер сатып алуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Ұлан ауданының әкімдігі хабарлады.
Сіздер "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтерді тек Өскемен қаласынан ғана емес, Қасым Қайсенов кентіндегі экологиялық таза ауданнан да сатып алуға болатынын біліңіздер.
Ол үшін "Отбасы банкі" сайтында тікелей қатысуға өтініш беруіңіз қажет.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 16.02.2021-17.03.2021 аралығы
Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: 156 000 теңге.
Пәтер саны: 48
1 бөлме: 16 пәтер, ауданы 43,92 ш. м
2-бөлме: 5 пәтер, ауданы 64,10 ш. м
2 бөлме: 27 пәтер, ауданы 65,57 шаршы метр.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.