Меновнойға балалар ойнайтын екі алаң саламыз - Жақсылық Омар
Өскемен шетіндегі Меновное ауылына балаларға арналған екі алаң салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы қала әкімінің есептік кездесуінде айтылды.
– Аулаларды абаттандыру мәселесі алаңдатады. Балаларымыз қаладағы үйлердің ауласындағы ойын алаңдарына қызыға қарайды. Біздің аудан – шет те болса болашағы зор, «жас» аудан. Сондықтан аула, жол, жарықтандыру мәселелеріне көбірек көңіл бөлсеңіздер, – деп өтініш айтты Надежда Шмыгалева есімді тұрғын онлай-кездесуде.
– Иә, шеткі аудандарды қаперден тыс қалдырмаймыз. Алдағы уақытта жолдар жөнделеді, жарық шамдар орнатылады. Биыл балаларға арналған екі алаң саламыз. Наурызға қарай қандай мекенжайларда салынатыны нақты шешіледі, – деп жауап берді қала әкімі Жақсылық Омар.