19-шы тұрғын ауданда екі шақырымдық нөсер кәрізі салынды
Бұған дейін хабарлағанымыздай, аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасына орай, Өскеменде «19-шы тұрғын ауданды абаттандыру» бағдарламасы дайындалған болатын. Аталмыш бағдарлама аясында қаланың құрылыс бөлімі бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстарын орындалды.
Бүгін бұл ауданда облыс әкімі Даниал Ахметов пен қала әкімі Жақсылық Омар тұрғындармен кездесіп, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Мәселен бүгінгі таңда бұл аумақта жалпы ұзындығы 3,4 км құрайтын жолдар мен тротуарлар, сондай-ақ жарықтандыру бағандары салынды. Оның ішінде 390 метрді мердігер ұйым –«Сервис СМУ» ЖШС салып, тоғыз үй (3136 тұрғыны бар 784 пәтер) – атап айтсақ, Көкжал Барақ көшесіндегі 20, 22, 22/1, 24, 24/1, 24/2, 24/3 үйлер мен Әл-Фараби көшесіндегі 2/1, 2/2 үйлер өтпе жолмен қамтылды, ал «Ремдор» ЖШС Әл-Фараби көшесіндегі 42/1, 46 үйлерге (1032 тұрғыны бар 258 пәтер) 500 метр өтпе жол төседі.
- Жұмыстар толығымен аяқталған. «Актив-А» ЖШС мердігерлік ұйымы жалпы ұзындығы 1,8 километр болатын нөсер кәрізінің құрылысын жүргізді. «ВК Стройсбыт» ЖШС ұзындығы 3,5 километрлік дренажды желілер құрылысын жүргізуде, оның 3,4 шақырымы салынып, сегіз үй, атап айтқанда, Көкжал Барақ көшесіндегі 2, 2/2, 4, 4/2, 12/1, Ілияс Есенберлин даңғылындағы 4/2, 8, Уәлиев көшесіндегі 9/3 үйлер (655 пәтер, 2620 тұрғын) және екі әлеуметтік нысан – 1 мың орындық №46 мектеп пен 250 орындық балабақша дренажды желі арналарымен қамтамасыз етілді, - дейді Жақсылық Омар.