KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Тарбағатай ауданы толықтай таза ауыз сумен қамтылатын болады

14.12.2020, 18:33 208
2025 жылға дейін Тарбағатай ауданы толықтай таза ауыз сумен қамтылатын болады. Бұл туралы  Шығыс Қазақстан облыстық маслихатына "Nur Otan" партиясынан үміткер Қайрат Қабдешұлы Тарбағатай ауданының халқымен кездесу барысында айтты.

«Есіктен есікке» акциясы үй-үйді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген үміткер, сауда орталықтарында болып тұрғындармен кездесіп,  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» «Nur Otan» партиясының  сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өткен 5 жылдағы партияның сайлау алды бағдарламасы аясында атқарылған ауқымды шараларға тоқталды.

«Өздеріңіз білесіздер ауданымызда, көптеген ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда тұрғындар қолайлы өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан түрлі  бағдарламалар қабылданып жүзеге асыруда. Алдағы уақытта да «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін ауданымыз толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады»- деді Қайрат
Қабдешұлы.

Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлау қорынан төленді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив