KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
444.14 477.05 4.85

ШҚО-да «Көк Тәңір-ау, көңіліме күй қондыр...» атты шығармашылық кездесу өтті

16.02.2023, 20:09 448 Ләззат Қанатқызы

Бүгін А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық поэзия академиясының Академигі, "QUNDAQ" қоғамдық қорының директоры Ербол Бейілханмен кездесу өтті.

Ақынмен кездесуге әдебиетсүйер қауым, ақын-жазушылар, студенттер қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қонақтар автормен жүздесіп, «Шабыт» студенттер театры ақынның өлеңінен қойылым ұсынып, поэзия патшалығына саяхат жасады.

Ербол Бимұратұлы 1974 жылы МХР-дың Бай-Өлке аймағы, Қызылқайың сұмыны, Үш Ойғыр елді мекенінде, Бесбоғда деген биік таудың етегінде дүниеге келген.  «Жас толқын», «Бай бесік тұмалары», «Астана-жыршуағым», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Баян-Өлгейден балғын жыр», «Азаттық таңындағы азат жыр», «Тілтолғау» жыр жинақтары мен республикалық көптеген газет-журналдар мен сайттарда  өлеңдері жарық көрген.

«Әжімсіз жүрек…», «Маралоты», «Мәжнүнтал», «Құсқанаты» атты  төрт кітаптың және «Біз екеуміз» атты өлеңдер аудио дискісінің авторы.

Шығармалары түрік, әзербайжан, испан, француз, орыс, қырғыз, өзбек, монғол тілдеріне аударылған.

Баян-Өлгей қаласының мәслихатының шешімімен 2015 жылы "Қызылқайың өлкесінің мәртебелі азаматы" төсбелгісімен марапатталған.

Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты"  төсбелгімен,  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен "Тәуелсіздік 30 жыл" медальмен марапатталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив