KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Өскеменде жол бойында жалаңаш ер адам табылды

26.11.2019, 10:18 137

Өскеменде полиция қызметкерлері жол бойында жалаңаш күйде жатқан ер адамды тауып алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Өскемен қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдейді.

Оқиға 21 қарашада болған. Бұл күні минус 35 градусқа дейін аяз түскен. Сағат таңғы бес шамасында "Қыран-74" патрульдік бригадасы қар үстінде беті қанға боялып, жалаңаш күйде жатқан ер адамды тауып алған.

Тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақыртып,  ер адамды көліктің салонына кіргізбек болғанда, ол қарсылық танытқан екен. Қазір бұл оқиғаның мән-жағдайы анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив