Өскеменде мас жүргізуші тәртіп сақшысына қарсылық көрсетті
Өскеменде мас күйінде көлік тзігіндеген жүргізуші полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, күш қолданған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі нің ақпараты бойынша, оқиға 14 ақпанда түнгі уақытта болған.
Полиция қызметкерлері «Toyota Camry» маркалы автокөлікті тоқтатады. Мас күйде көлік жүргізген 30 жастағы қала тұрғынының осыған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталып отыр. Ер адам полицейлерді балағаттап, күш көрсеткен екен.
Бұзақы жүргізуші қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз