KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

ШҚО-да ер адамды қағып кеткен көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр

19.12.2019, 18:22 151

Глубокое ауданының тас жолынан ауыр халде жатқан ер адам табылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға 16 желтоқсанда болған.

Нақтырақ айтқанда, ер адам Верхнеберезовский кенті мен Предгорное ауылының арасындағы тас жолдан табылған.

- Ер адамды көлік қағып кеткенге ұқсайды. Ол дереу орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта көлік әлі де анықталуда. Өйткені жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін таңғы уақытта зардап шеккен ер адам есін жимастан көз жұмған.

Полиция департаменті осы оқиғаға куә болғандарды іздестіруде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив