Өскемен тұрғыны ерте көктемде өзенге шомылып жүр (видео)
Әлеуметтік желілерде Өскеменнің Ертіс өзенінде ер адамның шомылып жүрген бейнежазба пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Суға шомылу маусымын ерте көктемде бастап кеткен ер адамның кім екені белгісіз. Алайда оның әрекеті жұрттың жағасын ұстатты.
Бенежазбада ер адам іш киіммен мұзы жаңа еріп жатқан өзенге қойып кетті. Жағада оны әйел адам күтіп отыр. Оның мұндай қауіпті қадамға не себепті барғаны да белгісіз. Мүмкін ыстықтады ма екен, әлде жанындағы нәзік жандының алдында өзінше бір «ерлік» көрсеткен кейіпі шығар, кім білсін. Десе де, Төтенше жағдай қызметкерлері адамдарды мұндай «ерлікті» қайталамауға шақырады. Себебі, шомылуға әлі тым ерте, сондай-ақ, бейнежазбадағы ер адам суға түсуге болмайтын қауіпті орында шомылып жүр екен.