KZ
Өскемен
-4°
туман жел 1 м/с, С
504.49 587.73 6.57

Шемонаихадағы газ баллондарын толтыру станциясында жарылыс болды

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

22.06.2023, 15:20 637 Ләззат Қанатқызы

22 маусым күні Шемонаиха қаласында Украинская көшесіндегі газ баллондарын толтыру станциясында жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан зардап шеккен 2 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

  Газ баллондарын толтыру станциясында жарылыс болып, өрт шықты. Тілсіз жаудан 5 бірлік техника бүлінді. Қазіргі уақытта өрт оқшауланып, ауданы анықталуда. Сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және жеке құрамның 12 адамы жұмылдырылды, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Жарылыс салдарынан 2 адам термиялық күйік алып, тез арада ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үйлер мен орман қорына ешқандай қауіп жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу