KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 5 м/с, З
514.74 599.36 6.71

Жаңаөзендегі жарылыс, адам шығыны бар

Фото: ашық дереккөз

18.04.2023, 09:11 396

Жаңаөзендегі жарылыстан 1 адам қаза тауып, 13 адам зардап шекті. 

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі

Еске салайық, 17 сәуір күні сағат 05.04-те Жаңаөзен қаласында екі кіреберісті, 12 пәтерлі қос қабатты тұрғын үйдің екінші кіреберісіндегі пәтерінде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 ш.м аумақ зақымданған. 

«Сағат 08.30-да үйінді астынан алты адам шығарылды. 08.30-ға дейін 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды. 5 адам ауруханаға жатқызылып, 7 адам үйіне қайтарылды», делінген баспасөз мәліметінде.

Жарылыс салдарынан 3 пәтер зардап шекті. Тұрғын үй газдан ажыратылған. Қазір аумақ үйіндіден тазартылып, оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефоны жұмыс істеп тұр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу