Қыздар төбелесі: Семей полициясы қылмыстық іс қозғады
Жақында әлеуметтік желіде Семейдегі дәмханалардың бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Онда 8 әйелдің 3 қызды жабылып сабағаны туралы жазылған.
Абай облыстық ПД қазіргі уақытта төбелеске қатысқандардың кім екендігі анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
– Аталған фактіге қатысты орталық полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлайды. Тәртіп сақшылары жанжалға қатысқан 21-29 жас аралығындағы қала тұрғындарын анықтады. Бүгінде тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізілуде, – делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Әзірге әйелдер арасындағы даудың неден туындағаны белгісіз.
Ведомство мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.
Оқи отырыңыз