KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

ШҚО: 5 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Фото: kaz.nur.kz

14.06.2023, 15:21 729 Ләззат Қанатқызы

Глубокое ауданында 5 жастағы қызды зорлады деп айыпталған күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

13 маусым күні әлеуметтік желіде күдіктінің суреті мен оның қашып, Глубокое ауданының Кожохово ауылының маңына жасырынғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Ақпарат алысымен елді мекендердің кіреберісіне полиция патрулі қойылды.

  "Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Сот сараптамалары тағайындалды", деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Алайда Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша тергеу басталғаны әзірге белгісіз. ПД өкілдері Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив