KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Нөсер салдарынан бірнеше көшені су басты – Өскемен

30.10.2023, 12:13 202 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында екі күні бойы дамылсыз жауған жаңбыр салдарынан бірқатар көшелер су астында қалды.

Жаяу жүргінші түгілі, көлік қозғалысын қиындатқан жаңбыр суымен күресу үшін коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Бүгін қалада су сору жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Желіде 50-ге жуық жұмысшы мен арнайы техникалар жұмыс істеп жатыр. Қазір су сору жұмыстары Зайсан, Өтепов, Бажов, Чехов, Грузинская, Белинский көшелері мен Назарбаев даңғылында жүргізілуде. Аталған жұмыстар қала көшелерінде тәулік бойы жалғасады, - деді «Таза Өскемен» кәсіпорынының мамандары.

Олардың айтуынша, тозығы жеткен кәріз жүйесінің кесірінен көшелерде шалшық жиналуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек,  өңірде алдағы апта бойы жауын-шашын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив