KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО-ның 4 бірдей ауданында тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр

7.09.2022, 11:02 244

Күршім, Глубокое, Катонқарағай және Алтай аудандарында әлі де тілсіз жаумен күрес жүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО ТЖД облыстың бірнеше аймағындағы өрт қаупі жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

Күршім ауданын Марқакөл орман шаруашылығы аумағында алдын ала өрт көлемі 300 гектарды құрайды. Отпен күреске барлығы 270-тен астам адам мен 34 техника жұмылдырылған. Өртті сөндіруге таулы жерлер мен ауа райы жағдайы кедергі келтіріп отыр. Сондай-ақ, МИ-8 тікұшақтары мен Еурокоптер іске қосылған. Облыс орталығынын қосымша күш пен қаражат жіберілді.

Ал, Алтай ауданы Зырян орман шаруашылығы аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау" және ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері әлі де сөндіріп жатыр. Өрттің алдын ала аумағы 700 гектарды құрап отыр. Суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған. Қазір елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

-        Бүгін түнгі сағат бір шамасында Глубокое ауданы, Каменный карьер ауылының маңында құрғақ шөп пен бұта өртенді. Өртпен күреске ШҚО ТЖД, ЖАО, орманшылар, полиция жеке құрамының 19 техникасы мен 138 адамы жұмылдырылды. Катонқарағай ауданындағы Алтынбел ауылынан 8 шақырым жерде алдын ала көлемі 40 гектар жердегі құрғақ шөп, бұта өртенді, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Катонқарағайдағы өртті сөндіруге 60-тан астам адам және 5 бірлік жұмылдырылды. Бүгін таңертең қосымша орман шаруашылығының 30 қызметкері көмекке жіберілді.

ШҚО ТЖД қазір өңірде өрт қаупінің өте жоғары деңгейі сақталып отырғанын еске салады, сондықтан тұрғындардан қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу