Риддерде болған оқиғаға кінәлі адамдар қатаң жазаланады -ШҚО әкімі
Риддерде болған жағдайға және жалпы станцияның техникалық жағдайына арнайы құрылған комиссия тобы тексеру жүргізетін болады.
- Десе де, қазір төтенше жағдайға негізгі себеп болып отырған - сапасыз жабдық пен тиімсіз жөндеу жүргізген, төртінші және бесінші қазандықтағы өрескел ақауларға назар аудармаған ЖЭО иелерінің неқұрайлылығы мен жауапсыздығы екені айтпаса да түсінікті, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Екі қазандықты іске қосу арқылы температураны айтарлықтай көтерілді. Енді жоғары қысымды қазандықты іске қосу жұмыстары жүргізілуде, бұл нормативтік температураға қол жеткізуге және жылумен жабдықтауды қайта бастауға мүмкіндік бермек.
Шын мәнінде, қазірдің өзінде станцияны басқаруды аймақ билігі жүзеге асырып отыр. Осы уақытқа дейін хабарлағанымыздай, ЖЭО-ны коммуналдық меншікке қайтару туралы мәселе қаралып жатыр. Бірақ қазір ең мазыды мәселе - Риддерді қыс бойы жылумен үздіксіз қамтамасыз ету болып отыр.