KZ
Өскемен
+14°
гроза жел 9 м/с, ОШ
518.31 567.96 6.03

ШҚО: 94 көліктің нөмірін шешіп алды

1.08.2022, 14:59 205

Облыстық полиция департаменті 21-31 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел шарасын жүргізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осы уақыт аралығында патрульдік полиция нарядтары бақылауды күшейтті. Он күн ішінде 7 240 заң бұзушылық анықталды:

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша (көлік құралын мас күйінде басқару) - 46,

ҚР ӘҚБтК 591-бабы бойынша (көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдалану) – 701,

ҚР ӘҚБтК – нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша (қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын сақтамау) - 1250,

ҚР ӘҚБтК – нің 595-бабы бойынша (маневр жасау ережелерін бұзу) - 824.

Оған қоса 106 көлік арнайы тұраққа қойылды, 94 көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу