KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Шығысқазақстандық каратешілер Азия чемпионатынан төрт медаль алып қайтты

29.07.2019, 09:01 239

Шығысқазақстандық каратешілер құрлықтық додадан олжалы қайтты. Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқрамасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қытай жерінде өткен киокушинкай-кан каратеден балалар, жастар мен ересектер арасындағы Азия чемпионатына Сарықұрлықтың түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар қатысып, сегіз салмақ бойынша өзара мықтыны анықтаған болатын. Дүбірлі додада ел құрамасы сапында шығысқазақстандық каратешілер де бақ сынаған-ды. Дәлірек айтсақ, біріншілікке төрт жерлесіміз қатысты. Және олардың төртеуі де жүлделі орынға ие болды.

Оның ішіндегі ең сүбелісі Диас Қостыбаевтың еншісінде. Ката және кумитэ жарыстарына қатысқан Диас екі сында да қарсылас шыдатпай, қос алтынға ие болды. Тағы екі жерлесіміз – Нұридин Ахметов пен Борис Аксенов жарыстың күміс жүлдегерлері атанса, Әлижан Мағадиевке қола бұйырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив