KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

ШҚО-да қалың қар жауып, жел екпіні күшейеді

22.11.2022, 11:08 458 Ләззат Қанатқызы

23 қараша күні облыстың бірқатар аудандарында қалың қар жауып, жел екпіні күшейеді.

Синоптиктердің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. Солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде боран соғып, солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

- Тұрғындарға алыс елді мекендерге барудан бас тартуларыңызды сұраймыз. Жолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дармен" тегін мобильді қосымшасы арқылы білуге болады. Төтенше жағдайға тап болған жағдайда "112" арнасына хабарласыңыздар, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу