Демалыс күндері күн ысиды – ШҚО
ШҚО-да демалыс күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
Бірақ оңтүстік циклон әсерінен таулы аймақтарда жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, 20 мамыр күні елдің оңтүстік-шығысында бұршақ жауып, қатты жел соғады.
"Республиканың шығысында 20-22 мамыр аралығында күн райы ашық және жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы кей жерлерде 25 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Кей аймақтарда түнде суытады", дейді "Қазгидромет" РМК.
Облыс орталығында демалыс күндері жауын-шашынсыз, ауа райы ашық болады, күндіз термометр бағаны плюс белгісімен 23-25 градус, түнде 8-10 градусты көрсетеді.
Оқи отырыңыз