KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Батыста қатты ыстық, ал шығыста үсік жүруі мүмкін – Ауа райы

19.08.2022, 09:33 328

«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 19-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің айтуынша, ауқымды Солтүстік Батыс антициклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Фронталды бөліктерге байланысты республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыстың таулы аудандарында жауын (жаңбыр, сулы қар) жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнде тұман түседі, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу