KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да Тұңғыш Президент күніне арналған көрме ашылды

26.11.2021, 14:54 383

 
1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Жоғары мемлекеттік лауазымына сайланғанына 30 жыл толады.
 Түркиядағы Ататүрік, Франциядағы Шарль де Голль, Малайзиядағы Махатхир Мохаммад, Сингапурдағы Ли Куан Ю, Қытайдағы Дэн Сяопин сияқты әлемге әйгілі реформаторлар өз мемлекеттерінің дамуына қандай рөл атқарса, Тұңғыш Президент Қазақстан үшін де сондай ауқымды еңбек етті. Мұндай маңызды күн қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қорық-музейінде  " Қазақстан жолы. Тарихтағы тұлғаның рөлі" көрмесі ашылды. Көрменің негізін 2007 жылы Тұңғыш Президент Музейінің қорық-музейіне сыйға берген экспонаттары құрады. Бұл мемлекеттің даму тарихын, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін көрнекі көрсететін кітаптар сериясы, альбомдар, сирек кездесетін фотоқұжаттар.
Облыстық музей-қорықтың қызмеькері Гүлбақыт Балтабекова көрме экспонаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша, экспозиция қазақстандық қоғамтанушылардың әдебиетіне, сондай-ақ эЕлбасының еңбектеріне бай. Экспонаттардың ішінде Ермұхамет Ертісбаевтың " нда ел Тұңғыш Президентінің өмірбаяны – оның балалық шағы, жастық шағы, қызметі, қайта құру кезеңіндегі саяси ұстанымы, сондай-ақ президенттік кезеңі баяндалған. Тәуелсіз Қазақстан туралы әдебиет, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жылдар бойынша қызмет хроникасы, Елбасының наградалары туралы бірқатар әдебиеттерді толықтырады. Көрмеге Қазақстанның Тұңғыш Президентінің "Қазақстан жолы", "Еуразия жүрегінде", "Тарих толқынында" атты кітаптары қойылған. Олар еліміздің, қазақ халқының тарихында болған қиын-қыстау сәттер, өзгерістер мен оқиғалар туралы баяндайды.
Сонымен қатар, көрмеге қойылған экспонаттардың ішінде көрнекті шығысқазақстандықтар мен мемлекеттің бірінші басшысын бейнелейтін сирек кездесетін фотосуреттер бар. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Әзілхан Нұршайықов, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Қасым Қайсенов бар.
Жалпы, "Қазақстан жолы. Тарихтағы тұлғаның рөлі " 70-тен астам экспонаттардан тұрады.
Айта кетейік,  көрмені желтоқсан айының соңына дейін тамашалауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив