KZ
Өскемен
-32°
туман жел 2 м/с, СБ
512.16 594.72 6.57

2028 жылға дейін елімізде 3,6 млн «ақылды» су есептегіші орнатылады

13.01.2026, 14:00 124 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда су арналарын цифрландыру аясында 2026–2028 жылдары 3,6 миллионнан астам «ақылды» су есептеу құрылғысын орнату жоспарланып отыр. Бұл ауыз су мен су бұру жүйелерін тиімді басқаруға, су шығынын азайтуға және коммуналдық инфрақұрылымның жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов су саласын цифрландыру коммуналдық жүйелерді жаңғыртудың маңызды бағыты екенін атап өтті. Оның айтуынша, заманауи цифрлық шешімдер су ресурстарын тұрақты пайдалануға, бақылауды күшейтуге және шығындарды қысқартуға жол ашады.

Осы мақсатта елімізде су тұтыну көрсеткіштерін байланыс арналары арқылы автоматты түрде жинайтын телеметрия технологиялары бар жүйелерді енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта су есептеу құралдары мен автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды стандарттау процесі қолға алынған.

Ұлттық жоба аясында су арналарындағы негізгі өндірістік процестер кезең-кезеңімен жүзеге асады. Бұл тұрғындар мен кәсіпорындарға суды нақты есептеуге, артық шығынды азайтуға және жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.





Фото: pixabay.com

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу