Белгіленбеген жерде шырша сатқандар анықталды - ШҚО
ШҚО ПД қызметкерлері орман қорғау органдарымен бірлесіп, жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша 15-31 желтоқсан аралығында тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Полиция, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекцияларының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан 28 мобильді топ құрылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазір өңірде аңшылық шаруашылықтарына, алқаптарға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шығу жолдарында кіреберістерінде бекеттер қойылды, сондай-ақ базарларда және басқа жерлерде шыршаларды тасымалдау мен өткізудің заңдылығы тұрғысынан бақылау күшейтілген.