«Браконьер»: ШҚО-да 600-ден астам заң бұзушылық анықталды
Ағымдағы жылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде 411 рейдтік іс-шара өтті, оның нәтижелері бойынша табиғат қорғау заңнамасының 617 құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде:
- 426 аң аулау ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 382-бабы),
- 141 балық аулау ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы),
- 41 қаруды есепке алу, сақтау, пайдалану тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 484-бабы),
- 8 ағаштарды заңсыз кескені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы),
- 1 жасыл желектер ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы).
Сонымен қатар, 12 қылмыстық қылмыс анықталды, оның ішінде:
- 4 балық ресурстарын заңсыз өндіргені үшін (ҚР ҚК-нің 335-бабы),
- 4 ағаштарды заңсыз кескені үшін (ҚР ҚК-нің 340-бабы),
- 2 заңсыз аң аулағаны үшін (ҚР ҚК-нің 337-бабы),
- 1 ұрлық үшін (ҚР ҚК-нің188-бабы),
- 1 қаруды заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүргені үшін (ҚР ҚК 287-бабы).