KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 0,4 м/с, В
465.52 498.2 5.45

ШҚО-да 800-ге жуық жүргізуші балаларды тасымалдау ережелерін бұзған

6.09.2022, 10:03 218

1 қыркүйектен бастап ШҚО-да 800-ге жуық жүргізуші балаларды тасымалдау ережелерін бұзған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
1-12 қыркүйек аралығында облыс аумағында « Назар аударыңыз-балалар!» республикалық акциясы өтіп жатыр.
Іс-шара балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға және көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыспен байланысты балалардың дағдыларын нығайтуға бағытталған.
- Акция басталғалы мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің іргелес аумақтарын тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жоюға 179 ұйғарым берілді. Мектептерде балалармен де, ата-аналармен де 150-ден астам әңгімелер мен дәрістер өткізілді.Айта кетейік, жедел алдын алу іс-шарасы аясында облыс бойынша тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 6131 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады., - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оның ішінде 193 жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзғаны үшін, 498 жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзғаны үшін, 799 балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін, оның ішінде 549 алдыңғы орындықтарда БҰҚ-ын пайдаланбағаны үшін болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив