18 жастағы тұрғынның аңғалдығын пайдаланып, атына несие ресімдеген - Семей
Семей қаласында мамыр айында бейтаныс жігіт сауда үйлерінің бірінің жанында жүріп, 18 жастағы тұрғынды алдап, сеніміне кіріп, оның жеке деректерін пайдалана отырып, оның атына қаржы ұйымында 195 000 теңге сомаға ақшалай несие ресімдеген.
- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 21 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Жауап алу кезінде күдікті кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, 1000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға банк карталары туралы мәліметтерді, яғни кез келген құпия (жеке) ақпаратты бейтаныс адамдарға (жеке байланыс кезінде де, телефон арқылы да немесе интернет-хат алмасу арқылы да) хабарламауды ескертеді.