Сауда үйінен процессор мен "мышканы" ұрлап кеткен - Өскемен
Ақпан айының соңында Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 31 жастағы ер адам жүгініп, 2020 жылғы 3 шілдеде сауда үйлерінің бірінің астыңғы қабатында орналасқан жалға алынған үй-жайдан белгісіз біреулер жүйелік процессор мен компьютер тінтуірі бар пернетақтаны ұрлап кеткенін хабарлады. Осылайша, жалпы сомасы 454 500 теңгеге залал келтірді.
- Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері, мойындау көрсетпесін берген 25 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Оқиға орнынан бейнежазба алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 188 – бабы 1 – бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүргізілуде.