KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Metaura Pro – ықшамды кондиционер

4.07.2023, 21:30 3 981 Оразай Жеңісұлы

Мойыныңызды салқындатсаңыз, дене температурасы да төмендейтінің білесіз бе? Metaura Pro – әлемдегі ең алғашқы ықшамды кондиционер.

Аталмыш құрылғы айналаңыздағы температураны 7 градусқа дейін төмендетуге қауқарлы. Оның көмегімен кез келген ыстыққа төтеп бере аласыз.
Жаңа технологиялардың дәуірі жүрген сайын адам жанына қолайлы жағдай туып келеді. Қара жұмысты алмастыратын небір қуатты машиналарды айтпағанның өзінде, қарапайым, бірақ өте тиімді құрылғылар көбеюде. Солардың бірі шыжыған ыстықта өзіңізбен бірге алып жүруге арналған кондиционер. Мойыныңызға тағуға арналған салқындатқыш өте ықшамды. Жалпы, мойын салқындағанда адам денесінің де температурасы төмендейді. Аталмыш жоба авторлары дәл осы қағиданы ұстанған.  

Адамзат жетістігінің соңғы үлгісімен ұштасқан құрылғыны телефоныңыздың және арнайы батырмаларының көмегімен басқаруыңызға болады. 6000 мАч қуатының арқасында 8 сағатқа дейін тоқтаусыз жұмыс атқарады. 22 Вт-тық жылдам қуаттағыштың арқасында 15 минут қуаттағаныңыздың өзі екі сағаттан артық уақытқа жетеді. Оның 55 градусқа дейінгі ыстықты реттеуге арналған түрлі режімдері бар. Ал салмағы небәрі 423 грамм. Үш қабатты салқындату жүйесінен тұратындықтан тұтынушыны кез келген ыстықта салқындатуға қауқарлы. 

Аталмыш кондиционердің бағасы да қолжетімді. Күннің қандай ыстығы болмасын тұтынушының салқын жүруін қамтамасыз ететін құрылғының бағасы шамамен 45-50 мың теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив