Өскеменде әмбебап аялдама жұмыс істеп тұр: жылытқыш пеш, кондиционер, қуаттағыш...
Өскеменде жылытқыш пеші, мобильді құрылғыларды қуаттағыш және кондиционері бар тағы бір аялдама жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Әмбебап павильон «Қазақстан» аялдамасына қойылды. Айтып өткеніміздей, онда суық күндері жылытқыш пеш, жаздың аптап ыстығында кондиционер қосылып тұрады. Сондай-ақ тұрғындар ерекше аялдамада мобильді құрылғыларын қуаттай алады.
Оқи отырыңыз