Надежда Шушаникова: Әділеттілікті қалпына келтіруге ықпал етеді

Шушаникова Надежда Александровна, қалалық мәслихат депутаты, Өскемен қаласының №36 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
- Бүгін "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" ҚР Заңына қол қойылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі жүргізіп жатқан саясатын толық қолдаймын. Осы Заңның арқасында қайтарылған активтер Қазақстандағы экономикалық айналымға тартылатын болады. Уақыт өте келе олар біздің халқымызға пайда әкеледі. Сондай-ақ олардың заңсыз сатып алынуына және шығарылуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар жойылады. Бұл заң қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Президент "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңға қол қойған болатын.