KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Ешкімнің жазасыз қалмайтынына сенім береді – Аяужан Әшімова

12.07.2023, 19:00 249

Аяужан Әшімова,"ШҚО талдау және болжау институты" ЖШС басшысы:

- Біз өз қызмет саламыз бойынша қоғамдық-саяси және ақпараттық жұмыстармен айналысамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" ҚР Заңы елге заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға мүмкіндік береді. Егер бұл активтер шетелде болса, онда заң халықаралық құқықтық ынтымақтастық тетігін қарастырады. Яғни, соттардың шешімі орындалып, мүдделі тараптар арасында ақпарат алмасу көзделеді. Заңда активтерді қайтару үшін өзге де құқықтық шаралар көзделген. Бұл шаралар арқылы ешкімнің жазасыз қалмайтынына сеніміміз нығая түспек.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Президент "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңға қол қойған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив