KZ
Өскемен
-10°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Ұлттық экономиканың ұпайын түгендейді — Әскерхан Ақтай

12.07.2023, 18:58 244

Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Әскерхан Ақтай:

– Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңына қол қойды. Бұл – өте маңызды қадам. Қайтарылған капитал мен ақша ұлттық экономиканың ұпайын түгендейді деп сенеміз. Сонда бұл активтер ел игілігіне жұмыс істейді.
Активтерді қайтару күрделі процесс екені түсінікті. Алайда бұл іске Үкімет қауқарлы. Оның үстіне, заңда қажетті тетіктер атап көрсетілген. Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.
Жалпы, Заң жобасы жасалмас бұрын заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы бастаманы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі көтергенін білеміз. Президенттің бұл бастамасы «Әділетті Қазақстанның» басты басымдықтарының бірі ретінде көрініс тапты деуге болады. Бүгін Заң жобасы бекітілгенде, көңілдегі сенім нығая түсті. Енді шетелдегі активтерді қайтару мәселесі үкіметтің күн тәртібінен түспейді. Бұл қоғам көп күткен өте маңызды шешім болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Президент "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңға қол қойған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу