KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Өрт сөндірушілерге жаңа техника табысталды – Алтай ауданы

11.04.2023, 10:19 233 Ләззат Қанатқызы

Алтай қаласындағы өрт сөндіру бөлімі өткен аптада тағы бір жаңа техникамен толықты.

Қазір бөлімде барлығы 17 бірлік техника бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, Алтай қаласындағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі тек қаланың емес, ауыл тұрғындарының да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, қызмет көрсету аймағы Тұрғысыннан Шірікқайың ауылына дейін, Парыгино ауылдық округінен Быковоға, сондай-ақ Никольск ауылдық округіне дейін созылып жатыр. Кейбір ауылдар аудан орталығынан алыста болғандықтан да барынша тез әрекет ету өте маңызды.

Өрт сөндіру көлігін біз ТЖ министрлігінің өкімімен алдық. Бұл Алтай ауданындағы сегізінші жаңа өрт сөндіру көлігі. Ал, жалпы, өрт сөндіру бөлімінің қызметінде 17 бірлік техника бар. Арнайы көлік ауылдарға да, қалаға да қызмет көрсететін болады, деді Алтай қаласының өрт сөндіру бөлімінің бастығы Дулат Мәсімов.

Қаладағы өрт сөндіру бөлімі соңғы рет 2018 жылы жаңа техникалармен толықтырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив